Информация к новости
  • Просмотров: 3902
  • Автор: admin
  • Дата: 5-01-2015, 13:43
5-01-2015, 13:43

Тәрбие жұмысы

Категория: Тәрбие жұмысы

Үлкен Владимировка орта мектебіннң 2013-2014 оқу жылында
тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі


Үлкен Владимировка орта мектебінде 2013-2014 оқу жылында «Жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде жеке тұлғаны қалыптастыру» бағытында біршама жұмыстар атқарылды.
Оқу жылының басында 2012-2013ж. атқарған жұмыстарға талдау арқылы 2013-2014 оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралар іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітіліп, оқу ауысымдары белгіленді.
Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірiңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды.
Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары төмендегі бағыттарды қамтыды:
Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.
Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру
Экологиялық тәрбие
Эстетикалық тәрбие
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру
Интеллектуалды мәдениетті дамыту
Кәсіби-шығармашылық тәрбие
Отбасы тәрбиесі
Еңбек және экономикалық тәрбие
Әлеуметтік мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
Сонымен қатар жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, балалар жарақатын болдырмаудың алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігіне арналған шаралар, ҚР мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану бағдарламасы бойынша іс-шаралар, діни экстремистік көзқарасқа қарсы жүргізілетін іс-шаралар кенінен жоспарланды. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру шаралары мектеп инспекторы полиция капитаны С.Б.Ракишевамен бірлесіп жасалды.

Жыл басында даталы мерекелік апталықтар сынып жетекшілерге бөлінді. Оның мақсаты: жұмысты жүйелеу, жауапкершілікті нығайту, әдістемелік материалдарды жинақтау.
Жыл басын «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынмен бастап, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 22 жыл толу құрметіне «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді.
Әр апта сайын дүйсенбі күндерінде тақырыптық лездемелерді Қазақстан Республикасының Әнұранынан бастау көп жылдар бойы қалыптасқан. Лездемелер, көбінесе кешенді бағдарламалар бойынша дайындалады: жолда жүрейік-үйренейік , ЖИТС-ғасыр дерті және т.б. . Апталықтар ашылып, өткен аптаға қорытынды жасап, мадақтамаларын тапсырып, келер аптаға оқушылардың алдына жаңа мақсат қойылады. Барлық атаулы күндер аталып кетеді. Қазақстан футболының 100 жылдығы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне, Жер күніне, Ғарыш күніне орай лездемеден кейін басқа іс-шаралармен жалғасатын.


Сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі күндері тәңертеңгілік жаттығулар өткізілсе, жұма күндері дәстүрге айналған қара жорға биі орындалып, туған күндерімен мектеп оқушылары, ұстаздары және жұмысшылары құттықталады.
Тәрбие жұмысының он екі бағыты бойынша сынып сағаттары өткізіледі және де әр сынып жетекшісі оқу жылында кем дегенде 4 лездеме, 2 ашық сынып сағатын, 3-4 мерекелік бағдарлама ұйымдастырып, өткізеді.
2013 жылдың 12 қыркүйегінде «Денсаулық фестивалі» республикалық акциясы өтті. Аталмыш іс-шараға 5-11 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 250 адам. Іс-шара 5-7 сыныптар, 8-9 сыныптар, 10-11 сыныптар арасында эстафета жарысымен басталды. Жарыс кросспен жалғасты 5-7сынып қыздары-1000м, ұлдары-1000м, 8-9сынып қыздары-1000м, ұлдары-1500м, 10-11сынып қыздары-1000м, ұлдары-2000м қашықтықта жарыстар өткізілді. Жарысқа оқушылар белсене қатысты. Іс-шара соңында «Денсаулық фестивалі» акциясына белсене қатысқан оқушылар грамоталармен марапатталды.

Үлкен Владимировка орта мектебінде 17-22 қыркүйек аралығында Қазақстан халықтарының Тілдер күніне арналған «Тіл –болашақ кепілі» атты Тілдер апталығы өтті. Аптаның әр күні жоспар бойынша өте қызықты болды: бірінші күн –қазақ тілі күні, екінші күн орыс тілі күні, үшінші күн ағылшын тілі күні. Апталық «Тілдер достығы- халықтар достығы» кешімен аяқталды. Оқушылар әр тілде әндер айтты, би биледі, «American fast food» жәрмеңкесіне қатысты, Н-Николаевка ауылындағы Н.Баймұратов мұражайына да барып қайтты. Осы апталықта белсенділік көрсеткен сыныптар және оқушылар мақтау қағазымен марапатталды
Қыркүйек айында өткен «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты тілдер онкүндігімен басталды. Алғашқы күні «Тіл–ұлттар ұйтқысы» деп гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен үш тілде құттықтауымен апталықтың ашылу салтанатты жиынын өткізді. Қаламы жүйрік дарынды балалар арасында «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты өзекті тақырыптарда шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Қазақ тілінің мұғалімі Жумагазина Ғ.Т. ұйымдастыруымен «Ұлттық тіл-мәдениеттің негізі және іргетасы» атты тақырыпта мақала байқауы өткізілді. Тілдер пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл достықтың терең тамыры» тақырыбында үш тілде көркем сөз оқу сайысы өткізілді. Кітапханашы Каиржанова Б.Ж. ұйымдастыруымен «Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» атты тақырыпта кітап көрмесін өткізсе, бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Мәнерлеп оқу», «Тілашар» сияқты іс-шаралар өткізілді. «Мемлекеттік тіл менің тілім» тақырыбында барлық сыныпта тәрбие сағаттары өткізіліп, Гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен осы онкүндік оқушыларды ұлтжандылыққа, басқа тілдерді құрметтеуге тәрбиелейді.
Қазан айында өткен «Қарттарды қолдау» атты айлығында салтанатты жиын өткізіліп, барлық сыныпта сынып сағаттары өткізіліп, «Болашақ» ұйымының басшылығымен мектебімізге бекітілген соғыс ардагерлері мен ардагерлердің үйіне барып үй маңын және көше маңын тазалап берді. Қарттар балаларға ризашылығын айтып батасын берді.
Қазан мен қараша айларында «Табиғат тағдыры адам тағдыры» атты тақырыбында экологиялық акция өтті. Акцияда мектеп ауласын, стадион және мектеп жанын қоқыстан тазаланды.
Және осы айда «Алтын күз» мерекесі , бастауыш сыныптар аралығында «Күзгі көрме» байқауына жеміс-көкөністерден әр-түрлі бейнелер ұсынса, жоғары сыныптарының оқушылары «Гүлдер вальсі» байқауына өздерінің гүлдерден жасалған туындыларын ұсынды.Әділқазылардың айтуы бойынша, балалардың жұмыстары жылдан жылға күрделеніп, үлкен композициялар ретінде, тіпті бір тақырыпқа арналып шығарылып отыр. Осы күндері мектептін іші гүлдер мен жеміс-көкөністердін иісі мен сұлулығына толы болды. 1 қазан күні тәңертеңгілік лездеме де осы байқаулардың қорытындысы айтылып, жеңімпаздар марапатталды.
Жетінші қазан ұстаздар күніне орай «Болашақ» балалар ұйымының ұйымдастыруымен мектеп ұстаздары мен ардагер-ұстаздар үшін « Ұстаз ұлы тұлға» мерекелік сазды бағдарлама өте сәтті өтті.Осы күні мектеп оқушылары өзін-өзі басқару күнін ұйымдастыра біліп, оқушылар мен ұстаздарға қызықты сабақтар өткізді.

Қараша айында «Алкоголге қарсы күрес» тақырыбында онкүндік өткізілді. Бұл онкүндікте «Денсаулық және спорт» тақырыбында спорттық ойындар, «Арақ бұл жауыз!» тақырыбында сурет көрмесі, «Жаман әдеттен сақ бол» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

2013 жылғы 26 қараша 1 желтоқсан аралығында 1-ші Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай жоспар құрылып, келесі іс-шаралар өткізілді.
Мерекелік лездемеге 5-11 сынып оқушылары қатысты. Лездеме Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. 5 сынып оқушылары «Президентке арнау» өлең жолдарын жолдады. Ал 6 «А» сынып қыздары мерекеге арнап, қазақ биін тарту етті. Лездеме Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзіне жазылған, Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнімен аяқталды. Барлық сыныптарда оқушылар және ата-аналар үшін «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты сынып сағаттары мен жиналыстар өткізілді.

Желтоқсан айында Тәуелсіздіктің 22 жылдығына тарих пәнінің мұғалімдері Н.Н.Қонқаева және Д.Б. Шаяхметованың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік туы желбіресін» атты тақырыпта іс-шараның ашылу салтанаты болып өтті. «Тәуелсіз Қазақстан жаңа ғасырда» атты тақырыпта сурет көрмесі, «Желтоқсанда мұзға жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын» тақырыбында шығарма байқауы, «Желтоқсан- Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында сынып сағаттары, «Тағылымы мол Тәуелсіздіктің 21 жылы» тақырыбында кітап көрмесі, 6-11 сыныптар арасында «Ел болашағы дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ» атты тақырыпта пікір талас, «Елімнің еркіндігі Қазақстан» тақырыбында ашық тәрбие сағаты, «Көк байрағын көтерген Қазақстан» атты тақырыпта көркем сөз шебері, «Тәуелсіз елдің ұланымыз» бастауыш сынып арасында концерттік бағдарлама өтті.
15 желтоқсанда үздік оқушылармен лидерлер «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымына қабылданды.

«Қазақстан достық мекені» тақырыбында ауыл көлемінде концерттік бағдарлама болып өтті. Бұл концерттік бағдарламада оқушылар әр ұлттың киімін киіп тақпақтар оқып, көріністер көсетіп, әр ұлттың салт дәстүрімен таныстырды, соңынан ән айтып би биледі.
Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына озат оқушылар мен аудан намысын облыс, республика көлемінде қорғап жүрген дарынды 20 оқушы қабылданды. Салтанатты лездемеге Бесқарағай ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б Шортанбаев, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы және Жастар орталығының директоры міндетін атқарушы М.Е Табылдин қатысты. Қабылданған оқушылар төс белгі тағу құрметіне ие болды.
Желтоқсан айында және СПИД ғасыр дерті тақырыпта апталық өтті. Бұл апталықта аудандық ауруханасының салалауатты өмір салты кабинетінің дәрігері Р.Аукенова кездесіп ішімдіктің, темекімен нашақорлықтың зияны туралы және СПИД ауруы туралы пікір алмасып, баяндамалар оқылып, видео көріністер көрсетілді.

28,29 желтоқсан күндері Жаңа жыл мерекесі тойланды.

Наурыз айында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өттік. «Ана- алып бәйтерек» атты тақырыпта бастауыш буында ашық тәрбие сағаттар өтті. 5-7 сыныптар және 8-11 сыныптар арасында «Көктем аруы» кештері өткізілді. Мектеп қалашығы ардагер ұстаздар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды

Наурыз мерекесінде аудандық алаңға киіз үй тігіп, қазақтың салт дәстүрлерін дәріптеп, көріністер көрсетіп, жүлделі бірінші орынға ие болдық.
9 мамыр Жеңістің 68 жылдық мерей тойына арнап алғашық әскери дайындық пәні мұғалімі М.К.Калиевтын ұйымдастыруымен «Сапта ән айту» шеруі болып өтті. Бұл шеруге 8-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысып, сапта жүру, ән айту, оңға, солға бұрылу тәртіптері көрсетілді. Сайыс соңында «Үздік командир», «Үздік сапта жүруші», «Үздік ән айту» номинациясымен оқушылар марапатталды.

Мамырдың 24-күні «Үздіктердің үздігі» атты белсенділерді марапаттау кеші болды. Биік дәрежеде өтті деп бағалануда. Осы кеште 17 номинация бойынша марапаттау өткізілді, оқушылар да ата-аналарда, әжелер де, ұстаздар да марапаттаусыз қалған жоқ. Атап кететін, «Үздік оқушы» номинациясында 11 «А» сыныбының оқушысы Нұрлыбек Еркежан марапатталса, «Үздік ұстаз» номинациясында осы оқу жылындағы жетістіктерінің рейтингі бойынша Кусманова Самал Какимовна марапатталды.

Мамырдың 25 күні «Қош бол, алтын ұя мектебім» атты салтанатты соңғы қоңырау жиыны өтті.және барлық сыныптарда «Бір болашақ, бір мүдде, бір мақсат» тақырыбында соңғы сынып сағаттары өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттау процесінде балалар мен жастардың, әсіресе «қауіп» тобына кіретін жастардың тіршілік әрекетінің салаларын қамту қажет. Осыған байланысты, тәрбиелеу жұмысының маңызды бағыты есірткіні, құқық бұзушылықты және қараусыздықты алдын алу болып табылады. Осы жолда мектепте «Жас мектеп полиция инспекторлары» үлкен үлес қосуда.

Мектепте құқық бұзушылықты және нашақорлықты алдын алу жөніндегі іс-шаралар өткізіледі. Оқумен қамтылмаған балалар мен жасөспірімдерді анықтау бойынша мектептердің аулаларын және рейдтерді өткізу бойынша мұағлімдер ұжымдардың, ата-аналар қоғамдарының және құқық сақтау органдардың қызметкерлердің бірлесе жұмыстар ұйымдастырылды, осында «қауіп» тобының балаларына маңызды назар аударылады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін күнделікті үлкен жұмыс атқарылуда: күнделікті өткізілетін тәңертенгілік жаттығулар дан бастап, түстен кейін секциялар жұмыс істейді. Мысалы, волейбол, баскетбол ұлдар, қыздар үшін, шайбалы хоккей, тоғыз құмалақ, дойбы, шахмат.

Осы оқу жылының нәтижелері де жаман емес, ұжымдар арсында 3-орын, аудандық жалпы білім беретін мектептер арасындағы жарыстар бойынша: шайбалы хоккей- 1-орын, волейбол – 3- орын (қыздар), баскетбол-2-орын, тоғыз құмалақ-1-орын, футбол-3-орын, жеңіл атлетикадан-3-орынға ие болды. Сонымен, қатар 9 «А» сынып оқушысы Аманжол Айдын аудандық шағын футболдан құрамасына кіріп, облыс жарыстарында 3-орынды жеңіп алып, «Үздік қақпашы» атанды. Ал, Аманжол Айдын, Ташкен Нұрболат, Кусжанов Адилбек және Елемесов Дидар шайбалы хоккей жарыстарында облыс әкімінің «Жұлдызша» турнирінде аудандар арасынан 1-орынды жеңіп алса, қалалар арасында 3-орынға ие болды.

Еркін күрестен облыс біріншілігінде 8 «А» сынып оқушысы Секерхан Даулет 1 орынды, Исимбаев Аңсар-3 орынды, Шакерхан Қанат 1 орын, Төребеков Нұртлек 2-орын, Қошқарбаев Ержас 1-орынды жеңіп алды. Мектеп түлегі Бекенгалиев Мерхатта қазақша күрестен облыстық, халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Сондай-ақ, ән шырқайтын, аспаптарда ойнайтын және билейтін балалар баршылық. Мектеп мақтанышы, 8 «А» сынып оқушысы Қазкенов Дастан үшін биылғы оқу жылы жемісті де, жеңісті болды,Атырау қаласында өткен «Махамбет оқулары» Республикалық байқауының 2 дәрежелі лауреаты, Астана қаласында өткен 7 –ші халықаралық «Ақ көгершін»байқауында 2 орын, «Күй киелі өнер»облыстық жас күйшілер байқауында Бас жүлде,Семей қаласында өткен Латиф Хамиди атындағы 1 Республикалық байқауының Бас жүлдегері, Алматы қаласында өткен 7 халықаралық байқау лауреаты. Мамыр айында Атырауда өткен күй сайысында «Алтын домбыраны» қанжығасына байлап қайтты,Шығыстан жалғыз өзі қатысып,тәжірибелі күйшілер қатысқан бәйгеде Бас жүлдені жеңіп алды.

Жылда өткізілетін, дәстүрлі «Ақ қайың» байқауы өтті, нәтижесінде біздің мектептен 9 музыкалық номер 1 маусым-балаларды қорғау күніне гала концертке іріктеліп алынды. Байқаудың нәтижесінде бірінші орынға ие болдық.

Ауданымызда жылына екі рет өткізілетін, дәстүрге айналған КВН және Фристайл би кештерінің 2013-2014 оқу жылында «Азия» КВН командасы екі мәрте бас жүлдені жеңіп алып, Астана қаласына «Жайдарман»-ға қатысып келді.

Патриоттық тәрбиелеу жүйесі балалар қоғамдық қозғалыстарды және ұйымдарды құруды қарастырады. Нақтылап айтқанда «Тимур қозғалысы», жас мектептік полиция инспекторының жұмысы ұйымдастырылды. Мектебімізде «Жас инспекторлар», «Жас МАИ инспекторлары» атты сынып аралық жарыстар өткізіледі, осының нәтижесінде барлық жақтарынан өздерін көрсете білген 10 «А» сыныбы аудандық турына қатысып, екі бағыт бойынша да 3 орынды жеңіп алды.

Тимуршылар қозғалысы да жалғасуда, осы оқу жылы ауылдық округінен бөлінген 14 қарт адамға көмек көрсетілді. Орта буын оқушыларына бір қарт адамға көмектессе, жоғарғы сынып оқушылары екі қарияға көмектесті. Балаларды патриоттыққа және азаматтылыққа тәрбиелеудегі маңызды рөлін мектептің биыл жаңаланған «Данқ бұрышы» атқарады.

«Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығы ашылып, қазіргі таңда жұмыс атқарылып жатыр.«Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығын құру идеясы жаңа заманғы қазақстандықтардың буынын қалыптастыру қажеттілігіне, жеке табысқа жеткізу әдістемелерін дамытуға, жеке тұлғаны әлеуметтендіруге Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің жасампаздық-шығармашылық идеялары мен өмірлік ұстанымдарын жан-жақты қолданудан туындайды.
«Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығын құрудың басты мақсаты өсіп келе жатқан жас буындарды тұлғаландыру және әлеуметтік тұрғыда өзін-өзі игертуін қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбие берудің жаңа әдістемелерін енгізу.
Мектеп педагогикалық ұжымы жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы жанұяларда тәрбиеленетін балалармен үнемі жұмыс атқарып келеді. Оларды жылдың басында кітаппен, оқу құралдарымен, киіммен қамтамасыз ету мақсатында «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Мектепішілік есепке алынған балаларды жалпыға бірдей оқыту қорынан материалдық қыркүйек, желтоқсан айында 44 балаға көмек көрсетілді. Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар жалпыға бірдей оқыту қорының есебінен демалысқа жіберіледі.
Мектеп ісі нәтижелі мақсатқа құрылған тәртіппен жұмыс атқарғанда ұлтжанды, іскер, жігерлі тұлға қалыптасады. Ендеше біздің ұжымдағы ұстаз қауымының үздіксіз білім мен тәрбие берудегі шығармашылық табысқа жетудегі алар биіктері мол болмақ.