Информация к новости
  • Просмотров: 215
  • Автор: admin
  • Дата: 17-03-2016, 12:52
17-03-2016, 12:52

«Алғыс айтамыз» атты мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті

Категория: Информация

2016 жылдың 2 наурыз күні «Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ-де «Алғыс айтамыз» атты мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың бірінші бөлімінде ата—аналар «Сынып жетістіктері» көрмесін тамашалады. Ата-аналар жиналысының екінші бөлімінде мектеп директоры Садвакасова Б.А. құттықтау сөз айтып, аналарға алғысын білдірді. Мектептің іс-шарасына белсене қатысып жүрген аналар мен әжелерді марапаттады. Ата-аналар комитетінің мүшелері раушан гүлдерін сыйлап, Рахымбаева Гүлсім ата-аналар атынан тілегін білдірді. Мектептің ұстаздары мен оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, шағын концерт ұйымдастырды.
Мектеп директоры Садвакасова Б.А.
Информация к новости
  • Просмотров: 98
  • Автор: admin
  • Дата: 15-03-2016, 12:03
15-03-2016, 12:03

Физикадан университетттік олимпиада

Категория: Информация

Физикадан университетттік олимпиада2016 жылғы 12 наурызда Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде физика пәні бойынша өткізілген университеттік олимпиадада Үлкен Владимировка орта мектебінен 10-11 сынптардан 8 оқушы қатысты. Жақсы нәтиже көрсеткені үшін 11 «а» сынып оқушысы Наурызбаева Зарина университетттік олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін мақтау қағазымен және жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Хамитова Дина Темешовна сертификатпен марапатталды.
Директор школы Б.А.Садвакасова
Информация к новости
  • Просмотров: 163
  • Автор: admin
  • Дата: 1-03-2016, 10:28
1-03-2016, 10:28

Жүз жасаған бәйтерек

Категория: Информация

Жүз жасаған бәйтерек2016 жылдың 25 ақпанында Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына байланысты «Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы» тақырыбында ұйымдастырылған бірыңғай күнді өткізуге орай «Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ-де 9 «А» сынып оқушыларымен әдебиет сабағында «Жүз жасаған бәйтерек» атты ашық сабақ өтті. «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл ата өмірінен, шығармаларынан алдын ала оқушыларға тапсырмалар берілді. Сол тапсырмалар негізінде балалар Жамбыл ата өлеңдерін жатқа оқып, айтыстарынан үзінді келтіріп, деректі фильмдер мен презентациялар жасап, зерттеу жұмыстарын қорғады. Сабағымыздың екінші бөлімін аудандық орталық кітапханада кітапхана директоры Алпысбаева Ж. Ж.-мен бірге өткіздік. Онда Жамбыл атамыз өмір сүрген мұражай үйіне виртуалды саяхат жасадық. Жамбыл ата туралы «Зымыран сұрақтарға» жауап бердік. Жүрегі жүз жыл жырлаған Жамбыл Жабаевтың даңқы әлемге жайылып, қазақ халқы барда оның есімі де бірге мәңгілік жасай беретініне кәміл сенеміз.
Қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Кусманова С.К.
Информация к новости
  • Просмотров: 386
  • Автор: admin
  • Дата: 5-01-2015, 06:48
5-01-2015, 06:48

Қош келдіңіздер!

Категория: Басты бет

Қош келдіңіздер!
Назад Вперед