Информация к новости
  • Просмотров: 54
  • Автор: admin
  • Дата: 13-01-2017, 09:53
13-01-2017, 09:53

Облыстық байқау жеңімпазы

Категория: Информация

Облыстық байқау жеңімпазы2017 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Өскемен қаласында «2015-2019 жж үштілділікті дамыту бойынша кешенді жоспар» жол картасы апробациясы аясында өткен «Үздік кіріктірілген сабақ» облыстық байқауында Үлкен Владимировка орта мектебінің орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Толқын Нургалиевна Жумашева қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорларының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Өткізілген сабағы «Үздік кіріктірілген сабақтар» жинағына енгізілді ( орыс тілі, «Осень» 8 сынып, 73 бет). Құттықтаймыз!!!

Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Информация к новости
  • Просмотров: 24
  • Автор: admin
  • Дата: 11-01-2017, 09:40
11-01-2017, 09:40

«ЕЛІМАЙ» ДЕМАЛУ БАЗАСЫ

Категория: Информация

«ЕЛІМАЙ» ДЕМАЛУ БАЗАСЫ2017 жылдың 7-8 қаңтар аралығында Үлкен Владимировка орта мектебінің және Борас орта мектеп-бақшасының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жағдайы төмен отбасылардан шыққан 24 оқушы «Елімай» демалу базасына барып келді. Балалар қонақ үйінің жарық, жылы және кең екі кісілік бөлмелерінде орналастырылды. Күніне төрт рет тамақтанып, таза ауада белсенді және көңілді демалып қайтты

Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Информация к новости
  • Просмотров: 67
  • Автор: admin
  • Дата: 11-01-2017, 09:33
11-01-2017, 09:33

АУДАН ӘКІМІ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

Категория: Информация

АУДАН ӘКІМІ ШЫРШАСЫ ӨТТІ2016 жылғы 27 желтоқсан күні Үлкен Владимировка орта мектебінде Бесқарағай ауданы әкімінің шыршасы өтті. Бұл шыршаға ауданымыздың жиырма бір мектебінен жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, патронатқа алынған және аз қамтылған отбасылардан шыққан 100 бала қатысты.
Әсем безендендірілген мектеп залында оқушыларды мерекелік көтеріңкі көңіл- күймен, жылы шыраймен мектеп ұстаздары қарсы алып, қызықты ойындар ұйымдастыра, би билетіп, ән салдырды.
Мереке екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде жаңажылдық қызықты, тосын сыйларға толы қойылым көрсетілді. Балаларды Мадагаскардан келген кейіпкерлер , Алдар Көсе мен шайтандар, балалардың сүйікті мультфильмдегі Ер, Дос және Би қуантты. Келер Жылдың символы Тауық та балапандарымен мерекенің қонағы болды.
Екінші бөлім шырша жанында 30 жұптан тұратын вальспен басталып, ән, би, ойындармен және естелік фотосуретке түсумен жалғасты.
Жаңа жыл шыршасында аудан әкімі Нұржан Тлеужанұлы Токсеитов балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балалардың ер жеткенде Егемен еліміздің нығайып-өркендеуіне, туған өлкелерінің көркейіп-гүлденуіне зор үлес қосатындарына сенетіндігін айтып, еліміздің патриот азаматы болып өсулеріне игі тілегін білдірді.
Мереке жалғасын тәттілер мекенінде тапты. Барлық балаларға аудан әкімінің атынан жаңажылдық сыйлықтар тарту етілд
Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Информация к новости
  • Просмотров: 29
  • Автор: admin
  • Дата: 11-01-2017, 09:27
11-01-2017, 09:27

Қысқы демалыс

Категория: Информация

«Қысқы демалыс 2017 жылғы 6 қаңтар күні Үлкен Владимировка орта мектебінің 7 «А» сынып оқушылары сынып жетекшілері Бакытбек Кажибаевич Садыковтың ұйымдастыруымен, Семей қаласының шаңғы тебу орталығына барып келді. Балалар таза ауада шаңғы теуіп, шанамен сырғанап, демалып қайтты. Эстафеталарға қатысып, бойларын жылытып, қуанышты, жақсы көңіл күймен үйлеріне оралды.

Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Информация к новости
  • Просмотров: 102
  • Автор: admin
  • Дата: 21-04-2016, 09:52
21-04-2016, 09:52

"Сыр сұхбат"

Категория: Информация

"Сыр сұхбат"«Мәңгілік-Ел» кабинетінде онлайн режімінде Мемлекеттік қызмет істері Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы, тәртіптік кеңесінің төрағасы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұловпен Үлкен-Владимировка орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларының кездесуі өтті. Осы іс-шараға облысымыздың басқа да мектеп оқушылары қатысты. Сұхбат барысында балалар Тоқтамыс Қадошұлының өмірбаяны және кәсіптік қызметі туралы сұрақтарын қойды.

Шығармашылық үйінің
Шешендік өнер
үірмесінің жетекшісі А.К.Даулетбаева
Информация к новости
  • Просмотров: 84365
  • Автор: admin
  • Дата: 11-04-2016, 16:38
11-04-2016, 16:38

Сынып сағаты

Категория: Информация

Сынып сағатыШығармашылық үйінің Шешендік өнер үйірмесінің жетекшісінің ұйымдастыруымен Үлкен-Владимировка орта мектебінің 8 «Ә» сынып оқушыларына Фашистік концлагерьлардан тұтқындардың босату күніне байланысты сынып сағаты өтті.
Сынып сағаттың басты мақсаты балаларға ҰОС туралы және Германияның аумағында орналасқан концлагерьлер туралы айту. Іс-шара барысында оқушыларға деректі бейне фильм, слайд көрсетілді, сонымен қатар арнайы жабдықтарылған студияда балалар сабаққа дайындаған баяндамаларын оқыды.



Шығармашылық үйінің
Шешендік өнер
үйірмесінің жетекшісі А.Қ. Дәулетбаева
Информация к новости
  • Просмотров: 114
  • Автор: admin
  • Дата: 9-04-2016, 09:47
9-04-2016, 09:47

Сенбілік

Категория: Информация

Сенбілік2016 жылдың сәуір айының 8 күні Үлкен Владимировка орта мектебінде мектеп ауласында 5-11 сыныптар арасында таза жұма өткізілді. Мектеп ауласы сыныптарға бөлініп беріліп қоқыстан тазартылды. Мектеп ұстаздары мектеп ауласын сырлап бояды. Мектеп жұмысшылары мектептің сыртқы жағын коллер бояуымен қалыпқа келтіріп шықты. Елсистратов көшесі мектеп бойымен күл қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар мектептің жылыжайы полителенмен қапталып, ішіне гүлдер, қырықжапырақ т.б көкеністер отырғызылды.
Мектеп ауласына: 10 түп алма ағашы, 20 түп малина, 10 түп шие отырғызылды.
Мектеп ауласындағы қоқыс үйіндісін трактор көлігімен қоқыс тастайтын орынға апарып төгілді.
Сәуір айының 9 күні сағат 10.00 де мектеп ұстаздары Қ.Рысқұлбеков көшесінде сенбілік жасады.

Мектеп директоры Б.А.Садвакасова
Информация к новости
  • Просмотров: 64379
  • Автор: admin
  • Дата: 18-03-2016, 16:51
18-03-2016, 16:51

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Категория: Информация

Қазақ халқының салт-дәстүрлеріНаурыз мерекесіне орай Бесқарағай ауданының Достық үйінде Үлкен-Владимировка орта мектебінің 4 «Ә» сынып оқушылары Шығармашылық үйінің шешендік өнер үйірмесінің жетекшісінің ұйымдастыруымен экскурсияға барды.
Іс-шараның басты мақсаты оқушыларға бүгінгі күнге дейін жеткен, ұрпақтан ұрпаққа сақталып келген қазақ халқының салт дәстүрлері туралы, Қазақстан Республикасындағы тұратын басқа ұлт-өкілдерінің достығы және Қазақстан Халқының Ассамблеясы туралы айту. Экскурсия соңында балалар достық туралы мақал-мәтелдерімен, өлеңдерімен бөлісті.



Шығармашылық үйінің, Шешендік өнер үйірмесінің жетекшісі А.Қ. Дәулетбаева
Информация к новости
  • Просмотров: 1952
  • Автор: admin
  • Дата: 18-03-2016, 16:47
18-03-2016, 16:47

Сынып сағаты

Категория: Информация

Сынып сағатыШығармашылық үйінің Шешендік өнер үйірмесінің жетекшісі А.Қ. Дәулетбаева мен Үлкен-Владимировка орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Н.Н. Қоңқаеваның ұйымдастыруымен 7 «Ә» сынып оқушыларына Әлихан Бөкейхановтың 150 жыл толуына орай сынып сағаты өтті.
Сынып сағаттың басты мақсаты Алаш қозғалысының көшбасшы, қайраткерінің өмірбаянымен таныстыру және саяси қызметі туралы айту. Сонымен Әлихан Бөкейханов туралы деректі бейне жазбаның үзіндісі көрсетілді. Ораторлық студияда балалар Алаш қозғалысының қатысқан Әлімхан Ермеков, Міржакып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмухамбетов, Ахмет Байтұрсынов және Мұхамеджан Тынышбаев туралы мәлемет оқыды.

Шығармашылық үйінің, Шешендік өнер үйірмесінің жетекшісі А.Қ. Дәулетбаева
Информация к новости
  • Просмотров: 282
  • Автор: admin
  • Дата: 17-03-2016, 13:03
17-03-2016, 13:03

«Көктем шуағы мерекесі»

Категория: Информация

«Көктем шуағы мерекесі»2016 жылдың 17 наурызында «Наурыз мейрамын» мерекелеуге арналған іс-шаралардың декадасы аясында «Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ-нің алаңқайында жас ұстаздар және жоғары сынып оқушыларымен бірге флеш-моб өткізілді. Онда балалар шығармашылығын ұйымдастыру мақсатында көктемгі сурет байқауы да көрсетілді. Қыстың қаһарлы ызғары кетіп, көктем айы барша тіршілік атаулыға шуағы мен жылылығын шашқан наурыздың алғашқы күндерімен келетін үлкен мереке көңілдерге қуаныш ұялатты.


Мектеп директоры: Б.А.Садвакасова