Информация к новости
  • Просмотров: 98
  • Автор: admin
  • Дата: 11-02-2016, 08:55
11-02-2016, 08:55

Материалдық-техникалық база

Категория: Материалдық-техникалық база

«Үлкен Владимировка орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 1972 жылы ашылды. Жалпы көлемі – 8072 шаршы метр. Жұмыс көлемі - 6197 шаршы метр. Мектептің жобалық қуаты - 780 оқушы. Сабақтар 2014-2015 оқу жылынан бастап 2 ауысымда жұмыс істейді.
Ғимарат кірпіштен салынған, үш қабатты, 28 оқу кабинеттері, кітапхана, 100 орындық асхана, акт залы, спорт залы, лицензиясы бар медициналық кабинет, арнайы химия, физика, биология, информатика, өзін – өзі тану, мультимедиялық кабинеттері бар.
Спортзалы 1- ші қабатта орналасқан, жалпы ауданы- 350,9 м2, спорттық киім ауыстыратын 2 бөлме (қыздар, ұлдар), спорттық жабдықтар сақтайтын бөлме, дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған бөлме бар.
Мектепте 100 орындық асхана жұмыс істеуде, Асхананың көлемі 204,4 м2.
Мектепте технология пәніне арналған ұлдарға столярлық және слесарлық шеберханалары бар. Қыздарға арналған технология кабинеті мен ас әзірлейтін шеберханалары бар.
Мектеп компьютермен толық жабдықталған, әр сынып кабинетінде мұғалімге арналған моноблок орналасқан. Жалпы барлығы 86 компьютер бар:

• 14+2 мультимедиялық кабинетте
• 6 кітапханада
• 1 информатика кабинетінде
• әр кабинетте 1 компьютерден
• мультимедиялық подиум – акт залында
• прокси сервер – серверлық кабинетте
• 13 ноутбук – серверлық кабинетте (шкаф сейфте)