Главная > Информация > Спорт сыныбының ашылу рәсімі

Спорт сыныбының ашылу рәсімі


16-01-2017, 14:59. Разместил: admin
Спорт сыныбының ашылу рәсімі2017 жылғы 16 қаңтар күні Үлкен Владимировка орта мектебінде волейболдан спорт сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Спорт сыныбының ашылуына қолдау көрсеткен Бесқарағай ауданының әкімі Нұржан Тлеужанұлы Токсеитов толағайларды құттықтап, оларға жеңіс кубогын табыс етті. Кубокты халықаралық, республикалық жарыстардың жүлдегері Дастан Айтқали қабылдап алды.
Осы сыныпты ашу үшін аудан бюджетінен 3 миллионға жуық қаражат бөлінген. Спортшыларға күніне екі рет тегін тамақтану ұйымдастырылған, арнайы спорттық киімдері мен жабдықтары қарастырылған.
Ата-аналар ризашылығын білдірді, ақ жаулықты әжелер шашуларын шашты.
Жас толағайларға алдағы уақытта биік шыңдардан көрінулеріне тілектеспіз!



Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова

Вернуться назад