Информация к новости
  • Просмотров: 215
  • Автор: admin
  • Дата: 17-03-2016, 12:52
17-03-2016, 12:52

«Алғыс айтамыз» атты мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті

Категория: Информация

2016 жылдың 2 наурыз күні «Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ-де «Алғыс айтамыз» атты мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың бірінші бөлімінде ата—аналар «Сынып жетістіктері» көрмесін тамашалады. Ата-аналар жиналысының екінші бөлімінде мектеп директоры Садвакасова Б.А. құттықтау сөз айтып, аналарға алғысын білдірді. Мектептің іс-шарасына белсене қатысып жүрген аналар мен әжелерді марапаттады. Ата-аналар комитетінің мүшелері раушан гүлдерін сыйлап, Рахымбаева Гүлсім ата-аналар атынан тілегін білдірді. Мектептің ұстаздары мен оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, шағын концерт ұйымдастырды.
Мектеп директоры Садвакасова Б.А.
Информация к новости
  • Просмотров: 98
  • Автор: admin
  • Дата: 15-03-2016, 12:03
15-03-2016, 12:03

Физикадан университетттік олимпиада

Категория: Информация

Физикадан университетттік олимпиада2016 жылғы 12 наурызда Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде физика пәні бойынша өткізілген университеттік олимпиадада Үлкен Владимировка орта мектебінен 10-11 сынптардан 8 оқушы қатысты. Жақсы нәтиже көрсеткені үшін 11 «а» сынып оқушысы Наурызбаева Зарина университетттік олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін мақтау қағазымен және жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Хамитова Дина Темешовна сертификатпен марапатталды.
Директор школы Б.А.Садвакасова
Информация к новости
  • Просмотров: 163
  • Автор: admin
  • Дата: 1-03-2016, 10:28
1-03-2016, 10:28

Жүз жасаған бәйтерек

Категория: Информация

Жүз жасаған бәйтерек2016 жылдың 25 ақпанында Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына байланысты «Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы» тақырыбында ұйымдастырылған бірыңғай күнді өткізуге орай «Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ-де 9 «А» сынып оқушыларымен әдебиет сабағында «Жүз жасаған бәйтерек» атты ашық сабақ өтті. «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл ата өмірінен, шығармаларынан алдын ала оқушыларға тапсырмалар берілді. Сол тапсырмалар негізінде балалар Жамбыл ата өлеңдерін жатқа оқып, айтыстарынан үзінді келтіріп, деректі фильмдер мен презентациялар жасап, зерттеу жұмыстарын қорғады. Сабағымыздың екінші бөлімін аудандық орталық кітапханада кітапхана директоры Алпысбаева Ж. Ж.-мен бірге өткіздік. Онда Жамбыл атамыз өмір сүрген мұражай үйіне виртуалды саяхат жасадық. Жамбыл ата туралы «Зымыран сұрақтарға» жауап бердік. Жүрегі жүз жыл жырлаған Жамбыл Жабаевтың даңқы әлемге жайылып, қазақ халқы барда оның есімі де бірге мәңгілік жасай беретініне кәміл сенеміз.
Қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Кусманова С.К.
Информация к новости
  • Просмотров: 696
  • Автор: admin
  • Дата: 14-01-2015, 09:35
14-01-2015, 09:35

Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы

Категория: Информация

Ү-Владимировка орта мектебінің «Ораторлық шеберлік» үйірмесінде атақты «Көшпенділер» трилогиясының авторы, жазушы Ілияс Есенберлинің 100 жыл толуына орай ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында балалар жазушының өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен танысып, Қазақ хандығының қалыптасып құралғаны туралы «Көшпенділер» трилогиясының деректі фильмін тамашалады.
Сабақ соңында оқушылар Қазақ хандығының тарихи кезеңдерінің қалыптасуы көрсетілген фильм туралы өз ой- пікірлерімен бөлісті.

Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы
Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы


Бесқарағай ауданының
МККМ «Шығармашылық Үйі»
«Ораторлық шебер»
үйірмесінің мұғалімі А.Чалова

Информация к новости
  • Просмотров: 273
  • Автор: admin
  • Дата: 14-01-2015, 09:29
14-01-2015, 09:29

Дені саудың-жаны сау

Категория: Информация

2015 жыл 12 қаңтарда Үлкен-Владимировка орта мектебінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Шайбалы хоккей» жарысының ашылу салтанаты өтті. Жарыс 12 - 20 қаңтар аралығында 5-8 сыныптар оқушылар арасында өтеді. Хоккей қорабында алғашқы болып ойынды бастайтын 5 -6 сынып оқушылары сәттілік тілейміз!

Дені саудың-жаны сау


Мектеп директоры: Б.А.Садвакасова
Информация к новости
  • Просмотров: 419
  • Автор: admin
  • Дата: 9-01-2015, 04:15
9-01-2015, 04:15

«Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ оқушыларының қысқы демалысы

Категория: Информация

Үлкен Владимировка орта мектебінде 2015 жыл оқушылардың қысқы демалысын ұйымдастырудан басталды. Қысқы демалыс кезіне жоспар құрылып, мектеп оқушыларына таныстырылды. 1 қаңтардан бастап жоспар бойынша күнделікті іс-шара өткізіліп отырды.
8-10 оқушылары « Жас Мерген» үйірмесінің ұйымдастырумен пневматикалық қарудан оқ атуды үйренді.
2 мен 7 қаңтар аралығында шаңғы, хоккей, баскетбол, шахмат, волейбол, мини – футбол спорт түрлерінен секциялар жұмыс істеді.
5 қаңтарда Үлкен Владимировка орта мектебінде Мектепқалашығының ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны өтті. 9 «а» сыныбы «Тұлпар» тобы болып, 9 «ә» сыныбы «Сұңқар» болып қатысты. Сайыс 4 кезеннен тұрды. Оқушылар сайыста өз білімдерін жақсы деңгейде көрсете білді және сайысқа қызыға қатысты. Сайыста «Тұлпар» тобы жеңіске жетіп, соңында қатысушы топтар марапатталды.
6 қаңтарда 5-7 сынып оқушыларына « Қызықты кино әлемінде » атты мектеп акт залында кинотеатр ұйымдастырылды. Балалар қазіргі заман киносын тамашалап, көргендерін ортаға салды және алған әсерлерімен бөлісті. Биылғы қысқы демалыс мектепқалашығының мәриясымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

«Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ  оқушыларының қысқы демалысы
«Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ  оқушыларының қысқы демалысы
«Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ  оқушыларының қысқы демалысы
«Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ  оқушыларының қысқы демалысы


Мектеп директоры: Б.А.Садвакасова
Информация к новости
  • Просмотров: 410
  • Автор: admin
  • Дата: 5-01-2015, 06:44
5-01-2015, 06:44

ӘКІМ ШЫРШАСЫ

Категория: Информация

2014 жылдың 25 желтоқсанында Үлкен Владимировка орта мектебінде Бесқарағай ауданы әкімінің Жаңа жылдық шыршасы салтанатты түрде өтті. Оған жалпы саны 100 оқушы қатысты. Оның ішінде аз қамтылған, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасы балалары болды. Әсем безендендірілген мектеп залында оқушыларды мерекелік көтеріңкі көңіл күймен, жылы шыраймен мектеп ұстаздары қарсы алып, қызықты ойындар ұйымдастырып, би билетіп, ән салдырды.
Келесі бөлімде балалар акт залында өткен «Қасқыр мен жеті лақ» атты ертегі қойылымын тамашалады. Жаңа жыл шыршасында аудан әкімі Нұрлан Бәтташұлы Сыдықов балалармен қуанышты күнді бірге бөлісіп, балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, тамаша күнде балаларға барлық жер бетіндегі игілікке қол жеткізе отырып, еліміздің патриот азаматы болып өсулеріне игі тілегін білдірді.

ӘКІМ ШЫРШАСЫ

Аудан әкімінің атынан балаларға мерекелік сыйлықтар табыс етіліп, мектеп асханасында тәтті дастархан жайылды.


Мектеп директоры: Б.А.Садвакасова
Информация к новости
  • Просмотров: 303
  • Автор: admin
  • Дата: 9-12-2014, 04:42
9-12-2014, 04:42

Сынап сағаты

Категория: Информация

«Ораторлық шеберлік» үйірмесінде Бірінші Президент Күніне арналған сынып сағаты өткізілді. Ү-Владимировка орта мектебінің 7 «Ә» сынып оқушылардың назарына Елбасы туралы слайд көрсетілді. Балалар Қазақстан Республикасының Бірінші Президетіне арналған өлеңдермен бөлісті. Сонымен қатар Елбасының балалық шағы және жастық шағы туралы бейне жазбаларынан үзінділерін тамашалады. Тоғамбекова Алина «Ортаторлық шеберлік» студиясында «Жаса менің Қазақстаным» атты өлеңді орындады.
Сынып сағаттың екінші кезеңі ол ауданымыздың «Ардагерлер Үйіне» саяхаты болды. Онда атқарылып жатқан жұмыстары, болып кеткен іс-шаралары туралы айтылды

Сынап сағаты

Сынап сағаты


Бесқарағай ауданының
МККМ «Шығармашылық Үйі»
«Ораторлық шебер»
үйірмесінің мұғалімі А.Чалова
Информация к новости
  • Просмотров: 271
  • Автор: admin
  • Дата: 29-11-2014, 04:45
29-11-2014, 04:45

"Тұңғыш Президент күні» мерекесі тойланды

Категория: Информация

28 қараша күні «Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ-де 9 сынып оқушыларымен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Тұңғыш Президенттің тұлғалық болмысы арқылы оқушы бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімді өркендетуге білімді, білікті тұлға керек екенін аңғарту.
Оқушылар Елбасының дәйексөздерін жатқа оқып, Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянынан қысқаша мағлұмат берді. Елбасының тұлғалық болмысы электронды көрме арқылы кеңінен танылды. Ашық тәрбие сағатына қатысып отырған оқушылар «Кемпірқосақ» әдісімен сабақ барысында алған білімдерін викториналық сұрақтар арқылы көрсетті. Елбасының сүйікті әндерін Мәдениет Үйінің әншісі Мотышев Еркін қазақтың қара домбырасымен «Елім менің» әнін, тарих пәнінің мұғалімдері Конкаева Н.Н. мен Кусманов С.К. «Үшқоңыр» әнін сырнайда сазына келтіріп шырқады. Сабақ 9 сынып оқушыларының хоры орындаған «Весна на Заречной улице» әнімен аяқталды.
"Тұңғыш Президент күні» мерекесі тойланды

Мектеп директоры Садвакасова Б.А.
Назад Вперед