Информация к новости
  • Просмотров: 409
  • Автор: admin
  • Дата: 5-01-2015, 06:44
5-01-2015, 06:44

ӘКІМ ШЫРШАСЫ

Категория: Информация

2014 жылдың 25 желтоқсанында Үлкен Владимировка орта мектебінде Бесқарағай ауданы әкімінің Жаңа жылдық шыршасы салтанатты түрде өтті. Оған жалпы саны 100 оқушы қатысты. Оның ішінде аз қамтылған, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасы балалары болды. Әсем безендендірілген мектеп залында оқушыларды мерекелік көтеріңкі көңіл күймен, жылы шыраймен мектеп ұстаздары қарсы алып, қызықты ойындар ұйымдастырып, би билетіп, ән салдырды.
Келесі бөлімде балалар акт залында өткен «Қасқыр мен жеті лақ» атты ертегі қойылымын тамашалады. Жаңа жыл шыршасында аудан әкімі Нұрлан Бәтташұлы Сыдықов балалармен қуанышты күнді бірге бөлісіп, балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, тамаша күнде балаларға барлық жер бетіндегі игілікке қол жеткізе отырып, еліміздің патриот азаматы болып өсулеріне игі тілегін білдірді.

ӘКІМ ШЫРШАСЫ

Аудан әкімінің атынан балаларға мерекелік сыйлықтар табыс етіліп, мектеп асханасында тәтті дастархан жайылды.


Мектеп директоры: Б.А.Садвакасова
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.