» » Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Информация к новости
  • Просмотров: 1170
  • Автор: admin
  • Дата: 1-02-2017, 08:32
1-02-2017, 08:32

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Категория: Информация

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы 31 қаңтар күні Бесқарағай ауданы Үлкен Владимировка орта мектебінде ұстаздар қауымы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылады.
Бірінші кезекте, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.К.Чегибаева Жолдаудың бес басымдығы мен таныстырып кетті. Білім саласын қамтитін төртінші басымдылыққа айрықша көңіл бөлді. Төртінші басымдық-адами капитал сапасын жақсартуда, Елбасы оқушыларға сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет екені айтылған. Сонымен қатар ІТ-білімге де көңіл бөлу керектігі, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу туралы айтылып кетті. Бірақ қазақ тілінің басымдығы сақталатыны туралы ұстаздар қауымы арасында қолдау тапты.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгерістер , яғни 1 шілдеден міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің еңгізілетіні мұғалімдердің көңілінен шықты. Зейнеткерлердің де жағдайы Елбасының назарынан тыс қалмағаны өте қуантты.
Мектеп директоры Г.К.Тилеубекова осы отырысты қорытындылап, Елбасының Жолдауды жүзеге асыру әр қазақстандықтың міндеті екенін айтып кетті.




Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.