Информация к новости
  • Просмотров: 39725
  • Автор: admin
  • Дата: 25-01-2017, 07:38
25-01-2017, 07:38

«Бәрін білгім келеді»

Категория: Информация

«Бәрін білгім келеді»2017 жылғы қаңтардың 17 - 22 аралығында Таулы Үлбі өзенінің жағалауындағы «Дарын» орталық базасында 6 - 7 сынып оқушылары үшін «Бәрін білгім келеді!» жас білгірлер эстафетасы өтті.
Іс-шараны ШҚО әкімдігі білім басқармасының «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.
Бесқарағай ауданының намысын қорғауға Үлкен Владимировка орта мектебінің 7 сынып оқушылары: Аружан Айдарханова, Томирис Саттарова, Ділназ Назарова, Нұрай Молдабаева және жетекшілік еткен 7 «А» сынып жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бақытбек Қажибаевич Садыков барды. Жас білгірлер эстафетасы 8 турдан тұрды. Бұл жерде әр туры дебат, брейн-ринг, ғылыми жоба, спорттық жарыс, өнерін көрсету түрінде өтті.
Бесқарағай командасы 14 аудан және қала мектептерінің арасында IV орынға ие болды. Оның ішінде «Экспо-2017» ғылыми жобада- І орынды, спорттық эстафета мен өнер көрсетуде -І жүлделі орындарға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, биік белестерден көрінулеріне тілектеспіз!



Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.