Информация к новости
  • Просмотров: 329
  • Автор: admin
  • Дата: 17-01-2017, 08:51
17-01-2017, 08:51

Қысқы Универсиада 2017

Категория: Информация

Қысқы Универсиада 2017Универсиада 2017 алауын жағу- бұл біздің еліміздің алғашқы спорттық ойындары үшін, ең құнды басты оқиғасы болып табылады. Осыған байланысты аудандық кітапханада Универсиада - 2017 ге арналған іс- шаралар өткізілді. Универсиада жайлы толық ақпарат беру мақсатында Үлкен –Владимировка орта мектебінің «Мәңгілік Ел» кабинетінің жетекшісі А. Даулетбаеваның жетекшілігімен мектеп кітапханашысы Б.Ж. Каиржанова және 6 сынып оқушыларымен ақпарат сағаты өтті. Бейнебаян слайды арқылы балалар спорт түрлерімен, нышанымен, спорттық ойындар түрі өтетін спорттық нысандармен танысты. Кітапханашылар Халықаралық студенттік Спорт Федерациясы басшылығымен өткізілетін студенттер арасындағы спорттық жарыс жайлы айта отырып, сонымен қатар бұл жарысқа қатысатын 18 бен 28 жас аралығындағы студенттер,және аспиранттар қатыса алатыны туралы айтып берді. Іс-шара соныңда оқушылар Универсиада ұраны «Қанатыңды кең серпі» деген сөздермен біздің спортшыларымызға, спорт әлемінде биік жетістіктерге жете берсін деген тілектерін білдірді.



Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.