Информация к новости
  • Просмотров: 66
  • Автор: admin
  • Дата: 11-01-2017, 09:33
11-01-2017, 09:33

АУДАН ӘКІМІ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

Категория: Информация

АУДАН ӘКІМІ ШЫРШАСЫ ӨТТІ2016 жылғы 27 желтоқсан күні Үлкен Владимировка орта мектебінде Бесқарағай ауданы әкімінің шыршасы өтті. Бұл шыршаға ауданымыздың жиырма бір мектебінен жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, патронатқа алынған және аз қамтылған отбасылардан шыққан 100 бала қатысты.
Әсем безендендірілген мектеп залында оқушыларды мерекелік көтеріңкі көңіл- күймен, жылы шыраймен мектеп ұстаздары қарсы алып, қызықты ойындар ұйымдастыра, би билетіп, ән салдырды.
Мереке екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде жаңажылдық қызықты, тосын сыйларға толы қойылым көрсетілді. Балаларды Мадагаскардан келген кейіпкерлер , Алдар Көсе мен шайтандар, балалардың сүйікті мультфильмдегі Ер, Дос және Би қуантты. Келер Жылдың символы Тауық та балапандарымен мерекенің қонағы болды.
Екінші бөлім шырша жанында 30 жұптан тұратын вальспен басталып, ән, би, ойындармен және естелік фотосуретке түсумен жалғасты.
Жаңа жыл шыршасында аудан әкімі Нұржан Тлеужанұлы Токсеитов балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балалардың ер жеткенде Егемен еліміздің нығайып-өркендеуіне, туған өлкелерінің көркейіп-гүлденуіне зор үлес қосатындарына сенетіндігін айтып, еліміздің патриот азаматы болып өсулеріне игі тілегін білдірді.
Мереке жалғасын тәттілер мекенінде тапты. Барлық балаларға аудан әкімінің атынан жаңажылдық сыйлықтар тарту етілд
Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.