Информация к новости
  • Просмотров: 1171
  • Автор: admin
  • Дата: 1-02-2017, 08:32
1-02-2017, 08:32

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Категория: Информация

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы 31 қаңтар күні Бесқарағай ауданы Үлкен Владимировка орта мектебінде ұстаздар қауымы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылады.
Бірінші кезекте, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.К.Чегибаева Жолдаудың бес басымдығы мен таныстырып кетті. Білім саласын қамтитін төртінші басымдылыққа айрықша көңіл бөлді. Төртінші басымдық-адами капитал сапасын жақсартуда, Елбасы оқушыларға сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет екені айтылған. Сонымен қатар ІТ-білімге де көңіл бөлу керектігі, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу туралы айтылып кетті. Бірақ қазақ тілінің басымдығы сақталатыны туралы ұстаздар қауымы арасында қолдау тапты.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгерістер , яғни 1 шілдеден міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің еңгізілетіні мұғалімдердің көңілінен шықты. Зейнеткерлердің де жағдайы Елбасының назарынан тыс қалмағаны өте қуантты.
Мектеп директоры Г.К.Тилеубекова осы отырысты қорытындылап, Елбасының Жолдауды жүзеге асыру әр қазақстандықтың міндеті екенін айтып кетті.




Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Информация к новости
  • Просмотров: 42
  • Автор: admin
  • Дата: 1-02-2017, 08:29
1-02-2017, 08:29

ХХҮІІІ Қысқы Универсиада

Категория: Информация

ХХҮІІІ Қысқы Универсиада2017 жылғы 30 қаңтар күні Үлкен Владимировка орта мектебінде ХХҮІІІ Бүкіләлемдік Қысқы Универсиадаға арналған апталықтың салтанатты ашылуы өтті.
Мектеп алдында 1-11 сынып оқушылары сапқа тұрып, Универсиада спортшыларына жалауша, шар, плакаттар арқылы өз қолдауларын көрсетті. Апталықтың бірінші күні үлкен спорттық іс-шаралармен басталып кетті. 1-2 сыныптар үшін «Көңілді старт» эстафетасы, 3-4 сыныптар үшін шанамен жарыс, 5-6 сыныптар үшін пионербол ойыны, 7-8 сыныптар үшін шаңғы жарысы, 9-11 сыныптар үшін хоккей жарысы өтті.
Мектеп директоры Гүлзифа Кабыкенқызы Тилеубекова құттықтау сөз сөйлеп, барлық спортшыларға сәттілік тіледі.
Соңында барлық жеңімпаздар марапатталып, көтеріңкі көңіл күймен тарқады.




Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Информация к новости
  • Просмотров: 187
  • Автор: admin
  • Дата: 30-01-2017, 10:20
30-01-2017, 10:20

«Мультимедиялық журналистика» жобасы

Категория: Информация

«Мультимедиялық журналистика» жобасы2017 жылғы 28 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысының білім беру мекемелерінде «Мультимедиялық журналистика» жобасын еңгізу аясында Үлкен Владимировка орта мектебінде баспасөз орталығы құрылды.
Жобаның басты мақсаты:
-мектепте мұғалімдер мен оқушыларға арналған бірыңғай ақпараттық орталық құру, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың кәсіби бағдарлық қажеттіліктерін жүзеге асыру;
-балалар мен жастардың БАҚ дамуын, тәжірибемен алмасуын және ынтымақтастығын жетілдіру үшін желілік жағдай жасау;
-қоғамның мектеп өміріне назарын аудару.
Баспасөз орталығының құрамына 5-11сынып оқушылары арасынан тілшілер: Аяулы Оразова 8 «А» сынып оқушысы, Ақнұр Серікбол 8 «Ә» сынып оқушысы; фототілші: Адиль Молдабаев 8 «А» сынып оқушысы; операторлар: мектептің бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маманы Еркебұлан Төлеужанұлы Айтқалиев және Бақытжан Қожанбек 11 «А» сынып оқушысы; редактор:Баян Қалыбекқызы Асылова – бас тәлімгер; жүргізушілер: Аружан Айдарханова 7 «А» сынып оқушысы, Али Мейрамов 8 «Ә» сынып оқушысы; Меруерт Газизова 6 «А» сынып оқушысы, Ерболат Ерланов 6 «А» сынып оқушысы қабылданды.
Мектеп директоры Г. К.Тилеубекова журналистерді құттықтап, куәліктерін табыстап, жұмыстарына шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі. Жас журналистер өздерінің мектеп жаңалықтарынан алғашқы түсірілімін паш етті.




Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Информация к новости
  • Просмотров: 39725
  • Автор: admin
  • Дата: 25-01-2017, 07:38
25-01-2017, 07:38

«Бәрін білгім келеді»

Категория: Информация

«Бәрін білгім келеді»2017 жылғы қаңтардың 17 - 22 аралығында Таулы Үлбі өзенінің жағалауындағы «Дарын» орталық базасында 6 - 7 сынып оқушылары үшін «Бәрін білгім келеді!» жас білгірлер эстафетасы өтті.
Іс-шараны ШҚО әкімдігі білім басқармасының «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.
Бесқарағай ауданының намысын қорғауға Үлкен Владимировка орта мектебінің 7 сынып оқушылары: Аружан Айдарханова, Томирис Саттарова, Ділназ Назарова, Нұрай Молдабаева және жетекшілік еткен 7 «А» сынып жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бақытбек Қажибаевич Садыков барды. Жас білгірлер эстафетасы 8 турдан тұрды. Бұл жерде әр туры дебат, брейн-ринг, ғылыми жоба, спорттық жарыс, өнерін көрсету түрінде өтті.
Бесқарағай командасы 14 аудан және қала мектептерінің арасында IV орынға ие болды. Оның ішінде «Экспо-2017» ғылыми жобада- І орынды, спорттық эстафета мен өнер көрсетуде -І жүлделі орындарға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, биік белестерден көрінулеріне тілектеспіз!



Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Информация к новости
  • Просмотров: 30276
  • Автор: admin
  • Дата: 25-01-2017, 07:35
25-01-2017, 07:35

Дөңгелек үстел

Категория: Информация

Дөңгелек үстел2017 жылдың 24 қаңтар күні Үлкен Владимировка орта мектебі «Мәңгілік Ел» кабинетінің жетекшісі А.Қ.Даулетбаева мен жастар қозғалысының ұйымдастырушысы Б.Қ. Асылованың жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің қатысушылары Үлкен Владимировка орта мектебінің оқушылары Нарғыз Саттарова, Бақытжан Қожанбек, Еркежан Байдюсенова, Еркежан Маралова, Камила Сатемирова, Манарбек Төленбек, Бақытжан Сағынтаева, Аяулым Муқатаева және Қайсар Нұрланбек болды. Дөңгелек үстелдің барысында Елбасымыздың халқына Жолдауының бейне жазбасы көрсетілді. Содан соң Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының басты мақсаттарымен міндеттері туралы талқыланды және 2017 жылы елімізде өтетің іс-шаралар туралы айтылып кетті.



Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Информация к новости
  • Просмотров: 330
  • Автор: admin
  • Дата: 17-01-2017, 08:51
17-01-2017, 08:51

Қысқы Универсиада 2017

Категория: Информация

Қысқы Универсиада 2017Универсиада 2017 алауын жағу- бұл біздің еліміздің алғашқы спорттық ойындары үшін, ең құнды басты оқиғасы болып табылады. Осыған байланысты аудандық кітапханада Универсиада - 2017 ге арналған іс- шаралар өткізілді. Универсиада жайлы толық ақпарат беру мақсатында Үлкен –Владимировка орта мектебінің «Мәңгілік Ел» кабинетінің жетекшісі А. Даулетбаеваның жетекшілігімен мектеп кітапханашысы Б.Ж. Каиржанова және 6 сынып оқушыларымен ақпарат сағаты өтті. Бейнебаян слайды арқылы балалар спорт түрлерімен, нышанымен, спорттық ойындар түрі өтетін спорттық нысандармен танысты. Кітапханашылар Халықаралық студенттік Спорт Федерациясы басшылығымен өткізілетін студенттер арасындағы спорттық жарыс жайлы айта отырып, сонымен қатар бұл жарысқа қатысатын 18 бен 28 жас аралығындағы студенттер,және аспиранттар қатыса алатыны туралы айтып берді. Іс-шара соныңда оқушылар Универсиада ұраны «Қанатыңды кең серпі» деген сөздермен біздің спортшыларымызға, спорт әлемінде биік жетістіктерге жете берсін деген тілектерін білдірді.



Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Информация к новости
  • Просмотров: 19224
  • Автор: admin
  • Дата: 16-01-2017, 14:59
16-01-2017, 14:59

Спорт сыныбының ашылу рәсімі

Категория: Информация

Спорт сыныбының ашылу рәсімі2017 жылғы 16 қаңтар күні Үлкен Владимировка орта мектебінде волейболдан спорт сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Спорт сыныбының ашылуына қолдау көрсеткен Бесқарағай ауданының әкімі Нұржан Тлеужанұлы Токсеитов толағайларды құттықтап, оларға жеңіс кубогын табыс етті. Кубокты халықаралық, республикалық жарыстардың жүлдегері Дастан Айтқали қабылдап алды.
Осы сыныпты ашу үшін аудан бюджетінен 3 миллионға жуық қаражат бөлінген. Спортшыларға күніне екі рет тегін тамақтану ұйымдастырылған, арнайы спорттық киімдері мен жабдықтары қарастырылған.
Ата-аналар ризашылығын білдірді, ақ жаулықты әжелер шашуларын шашты.
Жас толағайларға алдағы уақытта биік шыңдардан көрінулеріне тілектеспіз!



Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Информация к новости
  • Просмотров: 37
  • Автор: admin
  • Дата: 16-01-2017, 08:10
16-01-2017, 08:10

«Біз терроризмге қарсымыз!»

Категория: Информация

«Біз терроризмге қарсымыз!» 2017 жылғы 13 қаңтар күні Үлкен Владимировка орта мектебінің 9 – 11 сыныптарының оқушылары үшін АӘД пәнінің мұғалімі Медет Копейханович Калиев «Біз терроризмге қарсымыз!» тақырыбында дәріс өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға қазіргі кездегі әлемдегі үлкен проблемалардың бірі терроризмге қарсы түсініктерін кеңейту. Дәріс терроризмге қарсы бейне таспамен басталды, сонымен бірге «Терроризмге қарсы күрес», «Лжетерроризм» атты фильмдері көрсетіліп, осы тақырып бойынша толық мағлұмат берілді. Оқушылар көргендерін түйіндеп, әңгімеледі.


Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Информация к новости
  • Просмотров: 50
  • Автор: admin
  • Дата: 14-01-2017, 07:38
14-01-2017, 07:38

Хоккей жарысы

Категория: Информация

Хоккей жарысы
2017 жылдың 9-12 қаңтар аралығында Үлкен-Владимировка орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 6-11 сынып арасында хоккей жарысы өтті.
Жарысты жоғары санатты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алтынбек Калтаевич Елеусызбаев өткізді. Жарыстың қорытындысы бойынша 6-7 сыныптары арасында ІІІ орынды-6 «Ә» сыныбы, ІІ орынды-7 «А» сыныбы, І орынды- 6 «А» сыныбы иеленді. Ал 8-11 сыныптар арасында ІІІ орынды-10 «А» сыныбы, ІІ орынды-9 «А» сыныбы, І орынды-8 «А» сыныбы иеленді.
6-7 сыныптар арасында «Үздік ойыншылар» - 6 «А» сынып оқушысы Толенбек Алишер, 7 «А» сынып оқушылары Айтқали Арман және Қайрхан Ержан атанды. 8-11 сыныптар арасында «Үздік ойыншылар»-10 «А» сынып оқушысы Смагулов Рахат, 9 «Ә» сынып оқушысы Тлеубеков Жанболат, 8 «А» сынып оқушысы Дүйсенбаев Нұрсұлтан атанды.
Барлық хоккейшілерді жеңістерімен құттықтаймыз!


Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Информация к новости
  • Просмотров: 692
  • Автор: admin
  • Дата: 13-01-2017, 09:59
13-01-2017, 09:59

Облыстық олимпиада жүлдегерлері

Категория: Информация

Облыстық олимпиада жүлдегерлері2017 жылдың 4-7 қаңтар күндері Өскемен қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Үлкен-Владимировка орта мектебінен олимпиадаға аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Қазақстан тарихы пәнінен 10 сынып оқушысы Кабенов Бақтияр ІІІ орын, жетекшісі У.Б.Мухаметкалиева; орыс тілі пәнінен Темирханова Аружан 11 сынып оқушысы ІІ орынға ие болды, жетекшісі Т.Н.Жумашева
Облыстың әр өңірінен жиналған 650 оқушы қатысқан білім додасында жеңіспен оралған оқушыларымызды құттықтап, әлі де биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз


Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Назад Вперед