Информация к новости
  • Просмотров: 39725
  • Автор: admin
  • Дата: 25-01-2017, 07:38
25-01-2017, 07:38

«Бәрін білгім келеді»

Категория: Информация

«Бәрін білгім келеді»2017 жылғы қаңтардың 17 - 22 аралығында Таулы Үлбі өзенінің жағалауындағы «Дарын» орталық базасында 6 - 7 сынып оқушылары үшін «Бәрін білгім келеді!» жас білгірлер эстафетасы өтті.
Іс-шараны ШҚО әкімдігі білім басқармасының «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.
Бесқарағай ауданының намысын қорғауға Үлкен Владимировка орта мектебінің 7 сынып оқушылары: Аружан Айдарханова, Томирис Саттарова, Ділназ Назарова, Нұрай Молдабаева және жетекшілік еткен 7 «А» сынып жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бақытбек Қажибаевич Садыков барды. Жас білгірлер эстафетасы 8 турдан тұрды. Бұл жерде әр туры дебат, брейн-ринг, ғылыми жоба, спорттық жарыс, өнерін көрсету түрінде өтті.
Бесқарағай командасы 14 аудан және қала мектептерінің арасында IV орынға ие болды. Оның ішінде «Экспо-2017» ғылыми жобада- І орынды, спорттық эстафета мен өнер көрсетуде -І жүлделі орындарға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, биік белестерден көрінулеріне тілектеспіз!



Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Информация к новости
  • Просмотров: 30275
  • Автор: admin
  • Дата: 25-01-2017, 07:35
25-01-2017, 07:35

Дөңгелек үстел

Категория: Информация

Дөңгелек үстел2017 жылдың 24 қаңтар күні Үлкен Владимировка орта мектебі «Мәңгілік Ел» кабинетінің жетекшісі А.Қ.Даулетбаева мен жастар қозғалысының ұйымдастырушысы Б.Қ. Асылованың жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің қатысушылары Үлкен Владимировка орта мектебінің оқушылары Нарғыз Саттарова, Бақытжан Қожанбек, Еркежан Байдюсенова, Еркежан Маралова, Камила Сатемирова, Манарбек Төленбек, Бақытжан Сағынтаева, Аяулым Муқатаева және Қайсар Нұрланбек болды. Дөңгелек үстелдің барысында Елбасымыздың халқына Жолдауының бейне жазбасы көрсетілді. Содан соң Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының басты мақсаттарымен міндеттері туралы талқыланды және 2017 жылы елімізде өтетің іс-шаралар туралы айтылып кетті.



Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова