Информация к новости
  • Просмотров: 19224
  • Автор: admin
  • Дата: 16-01-2017, 14:59
16-01-2017, 14:59

Спорт сыныбының ашылу рәсімі

Категория: Информация

Спорт сыныбының ашылу рәсімі2017 жылғы 16 қаңтар күні Үлкен Владимировка орта мектебінде волейболдан спорт сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Спорт сыныбының ашылуына қолдау көрсеткен Бесқарағай ауданының әкімі Нұржан Тлеужанұлы Токсеитов толағайларды құттықтап, оларға жеңіс кубогын табыс етті. Кубокты халықаралық, республикалық жарыстардың жүлдегері Дастан Айтқали қабылдап алды.
Осы сыныпты ашу үшін аудан бюджетінен 3 миллионға жуық қаражат бөлінген. Спортшыларға күніне екі рет тегін тамақтану ұйымдастырылған, арнайы спорттық киімдері мен жабдықтары қарастырылған.
Ата-аналар ризашылығын білдірді, ақ жаулықты әжелер шашуларын шашты.
Жас толағайларға алдағы уақытта биік шыңдардан көрінулеріне тілектеспіз!



Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова
Информация к новости
  • Просмотров: 37
  • Автор: admin
  • Дата: 16-01-2017, 08:10
16-01-2017, 08:10

«Біз терроризмге қарсымыз!»

Категория: Информация

«Біз терроризмге қарсымыз!» 2017 жылғы 13 қаңтар күні Үлкен Владимировка орта мектебінің 9 – 11 сыныптарының оқушылары үшін АӘД пәнінің мұғалімі Медет Копейханович Калиев «Біз терроризмге қарсымыз!» тақырыбында дәріс өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға қазіргі кездегі әлемдегі үлкен проблемалардың бірі терроризмге қарсы түсініктерін кеңейту. Дәріс терроризмге қарсы бейне таспамен басталды, сонымен бірге «Терроризмге қарсы күрес», «Лжетерроризм» атты фильмдері көрсетіліп, осы тақырып бойынша толық мағлұмат берілді. Оқушылар көргендерін түйіндеп, әңгімеледі.


Мектеп директоры: Г.К.Тилеубекова